Балам маған көліктің есігін ашып бермесе, мен көлікке отырмаймын - Ләйлә Сұлтанқызы

Ләйлә Сұлтанқызы отбасында әкенің анаға құрметін көріп өскен бала әрбір әйел затына сыйлайтынын айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

- Жігіттердің бойында әйелге деген құрметті, қыз балаға деген құрметті кішкентайынан оята білсек, дәл сондай жігіттер өмірден көп нәрседен ұтылмайды. Анасына гүл сыйлау, есікті ашып беру, сырт киімін шешу деген сияқты құрмет көрсетеді. Егер үйде жылы атмосферада өскен бала оны автоматты түрде жасай біледі. Менің балам маған көліктің есігін ашып бермесе, мен көлікке мінбей күтіп тұрамын, дейді журналист.  

Сұлтанқызының оқырмандары нәзіктігіне, айтқан кеңестеріне ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жазды. 


Дегенмен, журналистке негативті пікірлер де айтылды.