Ол жұбайы екеуі сол кездері қатты қиналғанын еске алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Актер жан сырын журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.
"Білмейтін кісілерге айта кетейін, біздің екі жастағы балаға прививка салған болатын, содан баламыз науқас болып қалды. Баламызға қарап отырып, Жанар да, мен де, тіпті, не істерімізді білмей қалған кездер болды. Сосын қарап, отырып ойға шомдым, шіркін-ай құдай, маған бір қасиет берші дедім. Мен ешкімге айтпаймын мұны, сен және мен білетін боламыз.
Маған бере сал, мен мына магнит қолыммен тартып алайын сол ауруды дедім, балам сау болсын деген ниетпен. Сіздерге күлкілі болуы мүмкін, мен солай істеп те көрдім, бала ұйықтап жатқан кезде, баламның кеудесіне қолымды қойдым. Кәдімгідей ойлаймын ғой, берші маған, тартып алайын деп. Тіпті, сондай қиялға да жол бердім мысалы", - деді актер.