"Балаң өлсін!" Дәрігерді қарғап-сілеген әйелдің видеосы қайда түсірілгені анықталды


Желіде бала ұстаған әйелдің дәрігерді балағаттан видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода бала ұстаған әйел дәрігерлерді балағаттайды. "Осындай науқастардың әрекетінен бір айда төрт дәрігер жұмыстан кеткен. Баланы қарау кезінде ЖРВИ диагнозы қойылған, дене қызуы - 36,5. Анасы біз жазып бергеу емдеу шараларына наразы болып, екпе салуды талап етті. Науқастар өз дегенін орындамағаны үшін біздің дәрігерлермен осылай сөйлесуін, балағаттап, ұрып-соғуын қашан тоқтатады", - делінген жазбада. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері видеоның Қырғызстанда түсірілгенін айтады. Бішкек қаласының денсаулық сақтау басқармасы 24.kg басылымына берген сұхбатында оқиғаның қай ауруханада болғаны тексеріліп жатқанын айтқан.