“Балаңыздың қай жері ауырды” Асылхан Төлеповтың жары ұлына қатысты сұраққа жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Балаңыздың қай жері ауырды?,- деп сұрап жатқан жандар, мен бұл тақырыпты қозғамаймын. Оның ел аузында жүргенін қаламаймын. Дәрігерлер о бастан не боларын айтып ескерткен, дегенмен отбасымызбен барынша амал жасадық. Алланың қалауы сол болды. Сабақ алдық. Сабырлық таныттық, әлі де танытып келеміз. Оңай емес, бірақ өткенді ойлап, қайға деген тұңғиыққа батпауға бел будық. Пешенемізге жазылғаны. Кейінгісін көре жатармыз. Көрер қызығымыз таусылмасын. Арты тек той болсын. Әппақ көңілдеріңіз бен біз үшін тілеген дұғаларыңызға Алла разы болсын”,- деп жазды актердің жары Айсұлу.
 

Желі оқырмандары: "Шапағатшы болсын", "Алла алдынан жарылқасын","Алла сабыр берсін","Арты той болсын","Жәннәттық болсын",- деп жазды.