"Баланы өз сеніміңе зорлап кіргізудің өзі заң бұзушылық болу керек", - Айгүл Орынбек

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Өзіңнің отбасыңда бәрі жақсы болса, барлық үйде жақсы өмір деген қате түсінік!

Баланы өз сеніміңе зорлап кіргізудің өзі заң бұзушылық болу керек! Бала таңдау жасауға құқылы", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Айгүл Орынбек "
Atameken Business
" арнасына берген сұхбатында тұрмыстық зорлыққа қарсы делінген заң жобасына өз ағымдағылардың, экстремисттердің қарсы болып отырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, тұрмыстық зорлыққа қарсы делінген заң жобасына қоғам бірден қарсылық білдірген болатын.