Бұл туралы "Немолчи.кз" қорының белсенділері әлеуметтік желіде жазба қалдырды. “НеМолчи.Дети” қоғамдық қорының директоры Алмат Мұхамеджанов "Время" басылымының тілшісіне оқиға жайлы толқы мәлімет берді.
32 жастағы Ринат Түсжановтың 6 жасар қызға қарсы бірнеше рет зорлық әрекетін көрсеткені анықталды. Бұған қоса ол қызды егер біреуге айтқан жағдайда анасын өлтіремін деп қорқытып келіпті.
Тергеу барысы қыздың өзіне де, анасына да ауыр тиіпті. Алмат Мұхамеджановтың айтуынша, күдіктінің туыстары тарапынан қысымға түскен әйел басқа қалаға көшуіне тура келіпті. Олар әйелдің күдіктімен тұрмай тұрып 4 еркекпен кездескенін айтып, оның моральдық жағдайына нұқсан келтірмекші болыпты
"Әйелдің қанша еркекпен жүргені- оның өз шаруасы. Бала некесі қиылған ата-аналардың отбасында дүниеге келген. Ананың баласына деген сүйіспеншілігін жеткіншекті алғаш көргеннен байқадық. Әйелдің қызынын тәрбиесі мен күтімен мұқият қарағаны аңғарылады. Қыз баланың сөздік қоры бай, өз ойын анық жеткіздеі. Бірақ көрген қорлығының салдарынан бала күйзеліске тап болған. Тіпті, психиатриялық емханаға жатып шыққан. Қыздың басқаларына, әсіресе, ер азаматтарға деген сенімі жоғалыпты. Ал өзімен қатарлас ұл балаларға агрессиялық қылықтар танытады. Онымен психолог мамандар жұмыс істеуде. Дегенмен әйелдің жалақысы аз болғандықтан, алдағы уақытта қызынын емін төлей алмайтын секілді", - деді “НеМолчи.Дети” қорының директоры.
Сот Ринат Түсжановты кінәлі деп тауып, оны 17 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса ол 75 750 теңге көлемінде жәбірленушілер қорына айыппұл төлеп, 461 791 теңге тергеу ісіне кеткен шығын көлемін өтеуі қажет.