"Баланы қаны таза адамнан табу керек": Өзіне кесене салдыртқан экс-судьяның бұрынғы келіні қан туралы жазды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ләззат Ахатованың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Баланы да қаны таза, жақсы адамнан табу керек. Қанына тартпай тұрмайды екен, деп ашына жазды ол. 

"Атам қазақтың ұрпақ тазалығы, тек деген мәселеге қатты көңіл бөлгені тегін емес екен.
Есенберлиннің бір романында монғолдардың ба, тұтқынға түскен қазақ ханынан ұрпақ алып қалайық деп, қоздыру мақсатында жап-жас жалаңаш қыздарды жіберген жері бар еді. Сонда нәпсіге еруден қорқып, ұрығымды жауға бермеймін деп, көзін байлап отырған ғой.
Еврейлер ең ақылды халық қой. Олар баласының ақылды, парасатты, өресі биік болуы үшін қан тазалығына, тегіне қатты мән берген. Яғни болашақ балаларының әкесін (не анасын) таңдауда қателеспеуге тырысады екен. Әбден жан-жақты екшелеп, адами қасиеттерін, тегін зерттеп барып, қосылады.
Солардыкі дұрыс екен. Баланы да қаны таза, жақсы адамнан табу керек екен..Өйткені бауыр етім деп, жаныңды беруге даяр болсаң да, қанына тартпай тұрмайды екен..
Әлі бала таппаған, тұрмыс құрмаған қыздарға айтар кеңесім осы", деп жазды Ләззат Ахатова. 


 

 

Естеріңізге сала кетейік, "Көп нәрсе айтуға тіл қысқа": Көзі тірісінде өзіне кесене салдыртқан экс-судьяның экс-келіні бәрін жайып салғаны туралы жазған болатынбыз.