Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Туыла сала баладан бас тартса, сол сәби 2-3 ай роддомда жатады құжаттары реттелгенше.
Роддомда баланы қолға алып, құшаққа басуға болмайды. Оған арнайы қарап отыратын, жауапты адамдар жоқ. Тек тамағын беру, бүлдірсе ауыстыру (көріп қалса). Ол өзімен-өзі болуды туыла сала үйрену керек. Бір рет қолға алсан, сенің иісіңді иіскеп қойса, сенің құшағынды іздеп ұзақ жылайтын болады. Ал, ешкім алмаса жылап-жылап көнеді....
Тастанды сәбилер болмау үшін ұл бала өсіргенде жауапкершілік дегенді миына құйып отыру керек. Алла саналы ұрпақ берсін!", деп жазылған.
"Мына видеоны көріп, жүрегің қан жылайды", "Қолымнан келсе, барлығын құшағыма басар едім", "Осы өмірде бала тастау дегенді кім бастады екен", "Практикант болып барғанда, шыңғырып жылап жатқан баланы көтерйін дегенде, болмайды деп ұрысқан", деп қинала жазды оқырмандар.
Loading...