2011 жылғы сәуірде полицей кәріздік құдыққа құлап кеткен баланы құтқарып қалды. Ол құтқару үшін кәріздік қалдықтардың жағымсыз иісі шығып тұрған шұңқырдағы мұзды суға түсуден тартынбаған. Солайша көмекке шақырған дауысты байқап қалған полицей шұңқырдан баланы аман алып шыққан.
Марапатталған полиция майоры өзін батыр санамайды. «Әр азаматты қорғау - біздің міндетіміз. Менің орнымда кім болса да, солай істер еді», - деп атап өтті Ф. Каукербеков.