«Баланы туғызып, тастап кетіп қалай түк болмағандай бақытты болып жүрсің?»: Ата-анасын шетелге апарып қыдыртқан Қыран Талапбектің басы дауға қалды

Жас әйелі әрі ата-анасын шетелге қыдыртуға әкеткен оны көпшілік сөгіп, туған баласына не себепті қарайласпайтынын сұраған, деп хабарлайды Caravan.kz.

Мобилограф қазіргі уақытта Швейцарияда ата-анасымен бірге қыдырып жүр. Оқырмандар оны кіммен қыдырса да, не себепті туған ұлына қарайласпайтынын сұраған.

Олар әсіресе ортадағы балаға обал болатынын айтқан.

«Қай бетіңмен қыдырып жүрсің? Балаң қайда? Бір көріп, соны иіскегеніңді көрмеппіз?», «Бақытты болсын, не дейміз? Санасының жетіп тұрған жері сол болар», «Баланы туғызып, тастап кетіп қалай түк болмағандай бақытты болып жүрсің? Алладан қорықпайсың ба?» деп жазды олар.