"Біз апелляцияны бермедік. Жаңа жылдың алдында сотталғанның киімдерін беру үшін бізді тергеу қапасына шақыртып, жасөспірімді жазасын өтеу үшін Алматының түбінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге арналған колониясына жеткізгенін хабарлады ", - деді К. Надиров.
Ол айтқанындай, зорланған баланың әке-шешісі жазаны қатайту жөнінде сотқа арыз тапсырған.
Сот процесінде айыпкердің өкілі болған прокурор Геннадий Журавлев агенттік тілшісіне сотталған жасөсіпірімге қатысты шығарылған сот үкімінің күшіне енгенін растады.
Г. Журавлевтың пікірінше, сот жасөспірімге тиісті жазасын берді. "Кәмелеттік жасқа толмағандар бұл бап бойынша 8-10 жылға дейін бас бостандығынына айырылады. Сондықтан, оған қатысты шығарылған жаза дұрыс", - деді ол.
Прокурордың айтуынша, қылмысты "жабулы қазан күйінде" қалдырғысы келген және басқа да істер бойынша, бүгінде Төлеби АІІД кейбір қызметкерлеріне қатысты тергеу жұмыстары аяқталуда (қылмыстық іс бірнеше аптадан кейін қозғалды).
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Шымкентте желтоқсанның ортасында 4 жастағы балаға зорлық жасаған жасөспірімге қатысты сот процессі аяқталды. Сот айыпталушыны 8,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Естеріңізге сала кетсек, ОҚО Төлеби АІІД 28 қазанында Маятас ауылының тұрғыны төрт жастағы баласының зорланғаны туралы арыз тапсырған. Бұл жағдайға байланысты 1991 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған жергілікті тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулау қапасына тоғытылды. Аталған қылмыстың арты тұрғындар арасындағы толқуларға ұрындырып, кейбір қоғамдық тәртіпсіздіктерге апарып соқты.