Баланың есебінен, болашақтың есебінен планшет бизнестеріңді байытпақсыңдар ма? - Сәуле Әбілдаханқызы

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Оқулықты, кітапты планшетке ауыстыруға қарсымын!

Баланың есебінен, болашақтың есебінен планшет бизнестеріңді байытпақсыңдар ма???

Қай жағынан алып қарасаң да, бұл мүлде дүрыс емес! Күндіз-түні планшетке, соткаға үңілу баланың денсаулығына өте зиян. Онсыз да баланы гаджеттен айыру қиын. Кітап оқыту қиын... Керісінше, баланың кітапқа деген құмарлығын арттырудың орнына, кітаптан айыруға жұмыс істеп жатырсыңдар ма?

Қайбір жылы тағы бір осындай "данышпан" шенеунік "кітапханаларды жою керек" деп еді...

Баланың жағдайын ойласаңдар, сауатсыз оқулықтарды, сауатсыз бағдарламаларды, түкке қажеті жоқ пәндерді азайтыңдар.

Мысалы, бастауыш сыныптан орыс тілін, ағылшын тілін мүлде алып тастаңдар. Тек қазақ тілі оқытылсын. Музыка пәніне оқулық, кітап арқалаудың не керегі бар? Дінтану емес, Мәдениет сабағын оқытыңдар т.с.с.


Онсыз да аты-жөнін қатесіз жаза алмайтын сауатсыз жастар көбейді. Оқулықты жойсаңдар, сауатты болашақты жоясыңдар.

Мусин мырза, алдымен елді интернетпен дұрыстап қамтуды ойласайшы. Ауылдарды былай қойып, Алматының өзінде интернет өлімсіреп қалады ғой...

"Өнім өндіріп қайтеміз, шетелдің дайын өнімі тұрғанда" деген идеямен елді тұралатқан топастар енді "балаға кітап оқытып қайтеміз, планшет тұрғанда" деген идеяға көшіпті... бұлар нағыз қазақтың жауы... роботтар", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.