Баланың қолын қысып қалған эскалатор толық тексеріледі - Жеңіс Қасымбек

Бұл туралы тілшілерге ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нақты эскалатор бойынша біз толықтай тексереміз. Бұл оқиға бойынша жауапкершілік анықтталады. Эскалаторларды жөндеу мерзімі техниканың типіне, техниканы пайдалану мерзіміне байланысты болады. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, бұл техника ескі емес. Оны пайдалану тәртібі бастапқыда болған құжатнама аясында іске асырылған», - деді Жеңіс Қасымбек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астананың Орталық базарындағы эскалаторда екі жасар қыздың қолы қысылып қалды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі тиісті көмекті көрсетіп, сәбиді шұғыл түрде №2 қалалық балалар ауруханасына алып кетті. Аурухананың қабылдау бөлімінде баланы мамандар қарап шықты. Екі қолындағы жарақатына бастапқы-хирургиялық өңдеу жасалды, гипспен таңылды. Бұған дейін Орталық базардағы оқыс жағдайдың видеожазбасы әлеуметтік желіге тараған еді.


Оқи отырыңыз:

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте шетінеп кетті
Алматы облысында жолаушылар автобусы жанып кетті
Оңтүстікте асылып өлген полицей шындықты айтып, хат жазып кеткен