- Альварестің WBC белбеуінен бас тартуына не себеп болды екен? Оның Головкиннен қорыққаны рас па, қалай ойлайсыз?
- Мен Альварес Головкиннен қорықты деп ойламаймын. Егер де ол жекпе-жекке шыққысы келмесе, демек, оған аз ақша ұсынған.
- Ал сізде Альвареспен кездесуге мүмкіндік туып жатса, қанша ақша ұсынар едіңіз?
- Бұл жерде мәселе – телеарнаның бұл кездесуді көрсетуге мүдделі екендігіне тікелей байланысты. Дегенмен, мен Альварестің Головкинді жеңетіндей қауқары бар деп ойламаймын.
- Ал сіздіңше, Головкинді жеңуге кімнің шамасы жетеді?
- Тек грузин Автандил Хурцидзенің шамасы жетеді (күліп). Шынымды айтсам, Головкинмен жекпе-жек өткізуге кет әрі емеспін. Тек, бұл кездесуге дайындалуға біршама уақыт керек. Тіпті, Головкиннің өзі әр жекпе-жегіне үш айдай дайындалады. Бұл жолы оған лайықты қарсылас табылмаса, қайтадан бір «қаңбақты» қарсы шығара салуы әбден мүмкін. Оған соңғы кездесуінде өздеріңіздің көздеріңіз жеткен болар. Уэйд Головкин үшін тым осал қарсылас. Ал менің жөнім бөлек.
- Демек, дәл қазір Головкинге лайықты қарсылас табу қиын дегіңіз келіп отыр ма?
- Негізі, кез келген мықтыны жеңуге болады. Бұл – бокс. Бір ғана соққы бүкіл жекпе-жектің тағдырын шешіп кетуі мүмкін. Сондықтан тым асыра сілтей беруге болмайды. Тағы бір айтар нәрсе – Головкин әлі күнге соққысы мығым боксшымен кездескен жоқ. Бәлкім, Головкиннің келесі қарсыласы мен болармын. Мен қазіргі кезде өзіме Головкиннен өзге лайықты қарсыласты көріп отырғаным жоқ. Жастарды сабай беріп обал болды. Ендігі жерде нағыз мықтымен кездескім келеді.
Айта кетейік, бұған дейін грузиялық боксшының бапкері Андре Розье қыркүйек айында отандасымызбен жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін мәлімдеген. Алайда, қазір Головкиннің командасы келесі кездесуге грузиялықтан өзге орта салмақтағы бірнеше мықтының кандидатурасын қарастырып жатыр.