Бұл туралы ол “Дәстүр” бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Бұрынғы қазақта баласы қырқынан шыққан келіншектің қолынан ас ішпеген, шай ішпеген, мүлдем тыйым салған. Сол кезде ас суды кім дайындаған? Әрине келіні мен немересін баптап отырған енесі, абысыны болса абысыны. Бір ағамыз естелігінде жазады. Үлкен әжесі, көненің көзі ретінде үйіне барған кезде “баласын енді 40-нан шығарып жатқан келін бар екен. Сонда үлкен әжей тұрып өзі шай құйды. Мен таң қалдым. Үйде келін бар, неге үлкен кісі шай құйып жатыр деп. Ойымды оқып қойды. Содан “айналайын балам, баласы 40-нан шыққаннан кейін келіннің күтушісі мен болуым керек. Бұл ата жолы, менің тікелей міндетім. Бұған аң-таң болмай қолымнан шай іш” депті. Мен сол кезде таң қалдым” дейді”, - деп айтты журналист.