Баласы табылған ана барша қазақстандықтарға алғысын айтты - ВИДЕО

Еске салайық, бүлдіршін 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен еді. Баланы Амангелді ауылындағы мектептен үйіне қайтып бара жатқан жерінен 60 жас шамасындағы әйел адам алып кетті деген ақпар тараған. Облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері 6 жасар Мұхаммедтің жоғалуын тексеру барысында осы іске қатысты екінші күдіктінің барын айтқан еді. Ал бірінші күдіктің фотороботы жасалып, іздеу жарияланған болатын.