Былтыр көктемде түсірілген мына бейнекөріністе Виктор Шиманский үш күн ұрылардың қолында болған өгей ұлы Сергейді құшақтап жатыр. Сол кезде кәсіпкер «қылмыскерлер сұраған ақша бізде жоқ» деп ақталған еді.
-Были смс–ки готовь бабки и все!
Араға аз уақыт салып Шиманскийлер отбасында тағы шу шықты. Бұл жолы Қаржы полициясы отағасын жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін тұтқындады. Ұсталған сәтте көлігінен 10 млн теңге тәркіленген.
- Мына ақша кімге тиесілі?
- Маған.
- Жеке сіздікі ме?
-Ие
Жарты жылдан астам уақытқа созылған тергеу мен сот барысында Шиманскийдің 3 сыбайласымен бірнеше жалған фирма құрып, салықтан жалтарғаны дәлелденді. Салдарынан мемлекетке 174 млн теңге шығын келген.
Нұрикамал Иманбекова, Петропавл қалалық сотының бас маманы:
-Қылмыстық топтың жетекшісі Виктор Шиманский мүлкі тәркіленіп, жалпы тәртіптегі түзету колониясында 10 жыл бас бостандығынан айрылу жазасына сотталды. Оның құрамындағы адамдар мүліктері тәркіленіп, 8 жылға сотталды.
-Сонымен бір жылға созылған атышулы іске бүгін нүкте қойылды. Ал былтыр баланы бүкіл ел болып іздеген қалалықтар оның өгей әкесінің шынымен алаяқ екенін білмеген де еді. Енді Виктор Шиманский өгей ұлын ұрлағаны үшін 7 жылға сотталған қаскөймен бір түрмеде отыратын болды.