Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ойланып, қарап отырсам біздің елде не деген қанағатсыз адамдар бар деймін. Бибісара Асаубаева деген шахматшы қыз президентке, министрлікке "маған аз төлейді" деп видеоүндеу жасапты. Ондай әңгіменің не керегі бар? Факт бойынша сөйлейтін болсақ аз төлеген жоқ қой. Өз заманында 350 миллиондай қаржы алды, өз заманында шешесі қызын алып Ресейге көшіп кетті, сол кезде бұларға Қазақстан мүлдем керек болған жоқ. "Бізге төлқұжатты енді Путин берсін, Қазақсттаның төлқұжаты керек емес" деді. Қазақстанды керек қылмай кетіп еді енді келіп мынадай әңгіме айтып жатыр. Бибісараның шешесі "Ресейге болашақта көшуіміз тағы да ықтимал" дейді. Сонда мына Қазақстан әрлі-берлі өтетін аула ма? Не қылған тойымсыздық ол. Бәленбай ақша алып отырып аз төлейді дейсің. Мына жердегі патриоттылық деген қайда", - деді журналист.
Еске сала кетейік, Бибісара Асаубаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жасады. Ол турнирде мерзімнен бұрын чемпион атанғанымен, жарысқа қажетті қаражатты өз қалтасынан жұмсап жатқанын айтты.
"Осы маңызды турнирге дайындық жиындарын мен өзімнің және ата-анамның қаржысының есебінен өткіздім. Осы турнир үшін секунданттар мен аналитиктердің еңбекақысы әлі күнге дейін төленген жоқ.
Жыл сайын түрлі қиындықтарға тап болудамын. Спорт министрлігіен өзара жұмыс істеу барған сайын қиындап барады", - деді өз үндеуінде Бибісара Асаубаева.