«Бәленің бәрін білетін болды»: 6-cыныптың жаратылыстану оқулығындағы жыныстық қатынас жайлы ролик желіні шулатты

Тұрғындар әсіресе осындай олқылыққа жол берген министрлік өкілдерін сынға алған.

Сонымен бірге 6-сыныптың «Жаратылыстану» оқулығы 2017 жылдан бері орысша оқытатын мектептерге беріліп келгені белгілі болды. Ал ондағы biofile.ru сілтемесі, «Биофайл» ғылыми-ақпараттық журналының веб-сайты болған және кейін бұл сайт жұмысын тоқтатқан екен.

Оқу-ағарту министрлігі аталған мәселе бойынша ресми пікір білдірген еді.

«Мұрағат қызметі бойынша талдау нәтижесінде «web.archive.org» күмәнді танысу сайтының 2011 жылдан бері бар екенін көрсетті. Мұнда соңғы жылдары белсенділік күрт төмендеген. Ал 2023 жылдың 17 ақпаны мен 9 наурызында сайт әкімшісі ұсынылмаған сайттарға бағыттайтын жаңа URL ресурсты қосып қойған»,– дейді ҚР Оқу–ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.