Балғынбек Имаш: Жүрсін аға жазылса, айтысқа шығамын деп уәде бердім


Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты деп хабарлайды, Caravan.kz медиа порталы. 

"Пост салған жоқпын. Елдің бәрі Жүрсін ағаға бардым деп пост салып салып жатады ғой. Ағаның көңілін сұрап бардық, көңілі бір марқайып қалды. Сосын отырып сөйлестік, әртүрлі әңгімелер айттық. Мен өзі алтын домбыра алғаннан кейін айтысты қоям деп үлкен айтыстарға шықпай кеткем. Аға бірнеше рет шақырды, Балғынбек сенсіз айтыс қызық емес, халық іздейді деп көп рет шақырды. Бірақ, бармадым. Осы көңілін сұрап барғанымда Балғынбек сенің алшаңдап шығып айтысып жүретін кезің ғой,  деп айтты.  Мен айтамын, менің қатарымнан ешкім қалмады ғой. Бекжан жоқ, Мұхаммеджан жоқ, Әбілқайыр жоқ, Дәулеткерей жоқ,. Сен жастарға бір жол көрсетіп, арасында ақылдарыңды айтып, қалай айтысу керегін көрсетіп жүргендерің жақсы ғой деді. Сосын ауырып отырған адам ғой, сол кісінің көңілін көтерейін дедім да осы ауыруыңыздан құлан таза айығып кетіңіз, құдай бұйыртса, сіз осыдан жазылсаңыз мен айтысқа шығамын деп уәде берем дедім. Ол кісі онда мен жазыламын деп уәде беремін деп, екеуміз сол жерде қол алыстық", - дейді ол.