Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Балғынбек мырза желідегі парақшасында былай деп өлең жолдарын арнады:
"Қилы-қилы заман болар,
Қарағай басын шортан шалар.
Алладан безіп, адам қор болар,
Табынғандары ғаламтор болар.
Көргені Дресс код болар,
Ергені флешмоб болар. (Мөңке би айтқысы келген, бірақ айтпаған)
***
Он жылда не өзгерді? Білемісіз?
Үдеріс байқаймысыз үнемі сіз?
"Өлсем орным қара жер, сыз" деуші еді,
Бұл күнде тірілердің жүрегі сыз.
***
Он жылда Анамыздың тілі өзгерді,
Жасанды әншілердің үні өзгерді.
Еркекке сырға тағып, шашын бояп,
Шығардық төрімізге кіл ездерді.
***
Он жылда атамыздың діні өзгерді,
Өйткені, құлшылықтың түрі өзгерді.
Алла деп "Крещениеде" суға түскен,
Мұсылманға мұнафиқ мінез келді.
***
Он жылда "Нұротанның" нұры өзгерді,
Өткізді EXPO, саммит, съездерді.
"Рухани жаңғыру" деп ұран салды,
Құрансыз құр ұраннан кім өзгерді?
***
Он жылда қыз өзгерді, ұл өзгерді,
Бас әрпі Милицияның П-ға өзгерді.
Полицейге пысқырмас педофил мен,
Денисін өлтіргенді бұ көз көрді.
***
Армян, курд, шешен, тәжік тайраңдады,
Ата Заң қорғаныңа айналмады.
Киікті қорғаған ер көз жұмса да,
Қылмыскер еркіндікте сайрандады.
***
Ботекспен ессіз қыздың еріні өсті,
Жасанды силиконмен желін өсті.
Келіннің сәукелесі мазақ болып,
Қазақтың сағы сынып, көңілі өшті.
***
Ұмытып бабасының айран, құртын,
Талайлар салт-санадан тайған бұл күн.
Желіге онжылдығын жарыса сап,
Желігіп жатқан менің, қайран жұртым...".