Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Балғынбек баспанасыз жүр. Алаштың аяулы ақыны Балғынбек Имаш баспанасыз қалғанын айтты.
"Қарыздарымнан құтылу үшін бәрін сатып жібердім. Үйімді, машинамды бәрін сатып қарыздан құтылдым. Біреулер сен үшін "Базарға" кірдік деді, біреулер қажылыққа бара алмай қалдық балаң кінәлі деді. 7 балам бар, анам бар еще келін түсірдік. Қазір барлығымыз жалдамалы үйде тұрып жатырмыз",-деді.
Қазақтың төл өнері үшін тер төккен ағамыздың баспанасыз жүргені тұтас қазаққа сын. Сондықтан, қазақтың байлары жиналып Балғынбек ағамызға коттедж алып берсе де артық емес.
Балғынбек ағамен баяғыда Жетінші арнада жүргенде бірге жұмыс істедік. Ашық мінезді, үнемі інім деп арқадан қағып жүретін қалжыңды, қадірлі, бауырмал кісі”, - деп жазды журналист.
Еске салсақ, Балғынбек Имаш журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында баспанасыз жүргенін айтқан еді.
”Қарыздан құтылу үшін үйімді, көлігімді сатып жібердім. 7 балам бар, келін түсірдім, анам бар бәріміз жалдамалы үйде тұрамыз. Бірақ ол маған стресс болған жоқ. Дүние келеді, кетеді. Ол маған мүлдем маңызды болды. Маған адамдар “сен қарызсың, сенің кесіріңнен кіріп кеттік” деген ауыр айтқан сөздер жүрекке әсер етті”, - деді айтыскер ақын.