"Балхаш қаласында 30 наурызда 9 сағат 30 минутта қараусыз қалған қойма ғимаратының аумағынан 152-ші калибрлі артиллериялық снарядтардың 30 тоннаға жуық қалдықтары мен элементтері табылды. Оқ-дәрі табылған жер қоршауға алынып, Балхаш қалалық ІІБ-нің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", -деп хабарлайды ТЖМ.