Балмұздақ тиеген көлік 29 баланы қағып кеткен

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 24 kz Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, жүргізуші көлікте болмаған. Ол жүк көлігін тоқтатуға тырысқанымен, тежегіш істен шығып, таудың баурайымен төмен қарай жүріп кеткен.

Апат салдарынан 9 бен 16 жас аралығындағы балалар зардап шекті. Жеті адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның үшеуінің жағдайы ауыр.

Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Показать перевод