«31 мамырда Қарағанды облысы ІІД ҰҚКБ-ға 22 жастағы әйел өз баласын ақшаға сатпақшы деген ақпарат келіп түсті. Оның кім екені анықталды. Жедел шаралар жүргізу барысында полиция қызметкерлері бала сатушыны 30 мың теңге беру кезінде ұстады, - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізілуде. Әйел уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.
Анасының кінәсі дәлелденген жағдайда, оны мүлкі тәркіленіп, 5-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырады.