«Қазақмыс» компаниясы 17 маусымда Балқаш кенбайыту фабрикасында орын алған өндірістегі жазатайым оқиға туралы хабарлайды. 1986 жылы туған дәнекерлеуші құбырларды бөлшектеу кезінде электр тоғы соғып, қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігер оның қаза болғанын растады», делінген компания таратқан баспасөз хабарламасында.
Арнайы комиссия құрылып, істің мән-жайы анықталып жатыр.
Корпорация жерлеуді ұйымдастыру бойынша бар шығынды өз мойнына алады, деп хабарлады "Қазақмыстан".