Caravan Logo

Балқаш көлінде денелері табылған 4 адамның есімдері анықталды, олардың бірі - «Балқаш балық» фирмасының директоры

Балқаш көлінде денелері табылған 4 адамның есімдері анықталды, олардың бірі - «Балқаш балық» фирмасының директоры

Прокуратурадан нақтылағандай, қаза тапқан адамдардың арасында үш ер адам мен бір әйел болды.

«Қаза тапқандар - «Балқаш балық» ЖШС фирмасының директоры, оның зайыбы және әкелі-балалы екі балықшы», - деді Балқаш қалалық прокуратурасынан.

Бұрын хабарланғандай, 12 қаңтар күні Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Шашубай кентіне жақын жердегі Балқаш көлінің мұзында тұрған УАЗ-390 көлігінің ішінен 4 өртенген мүрде табылды. Олардың барлығы сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 96 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.