Балқаш көлінде із-түссіз жоғалған үш балықшы іздестіріліп жатыр


Тіс қаққан балықшылар мінген моторлы қайық жағадан 800 метр жерден табылды. Ал өздері ізім-ғайым жоқ. Қазір олардың батып кетуі мүмкін деген жері, Балқаш көлінің солтүстік жағын сүңгуірлер тобы тінтіп жатыр. Олармен қоса, полиция қызметкерлері де жақын маңдағы аралшықтар мен жағалауларды тексеруде.