Балқаш көлінің үстімен өтпек болған ер адам көлігімен бірге батып кетті


«ВАЗ» автокөлігі мұз ойылып, суға батып кетті.

Оны жүргізіп келе жатқан 1969 жылғы ер адам да су түбіне кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
3 сағаттан кейін ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД судағы құтқару қызметінің күштері мәйітті судан алып шықты.