Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстантілшісіне индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады.
Ведомство ақпаратына сәйкес, ұшақ аспанға көтерілу кезінде аударылып кеткен.
"17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған. Сағат 11:15-те командир хабарламасы жетті. Ұшақ аударылып кеткен", - делінген министрлік хабарламасында.
Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған.
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген.
Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.