Балқаш ЖЭО салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі келісімге маусым айының соңында қол қойылуы мүмкін - "Самұрық" басшысы

"Сегізінші мамырда біз Балқаш Жылу электр орталығын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге байқау жарияладық, маусымда біз тиісті келісімге қол қоямыз",- деді С. Мыңбаев.

Ол еліміздің оңтүстігін қуатпен қамтамасыз етуге жүргізілген талдау қорытындысы "Үлкен ауылының маңында көмір станциясын салудың артықшылығын " дәлелдегенін еске сала кетті.

С. Мыңбаевтың айтуынша, станцияның бастапқы құны шамамен 200 млрд теңгені құрайды. "Бұл үлкен қаржы... және оны түгелдей тек мемлекеттік холдингке жүктеудің мәні бола қоймас",- деді ол.

С. Мыңбаевтың хабарлауынша, бірқатар инвесторлар аталмыш жобаға өз қызығушылықтарын танытып отыр. "Атап айтқанда, Халық банкі, Қазкоммерцбанк, "Тұран Әлем" банкі". Біз олармен қарым-қатынасты жолға қоямыз. Немесе, тендер барысында бұл консорциум ретінде рәсімделуі мүмкін",- деп санайды "Самұрық" басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті