"Балқаш пен Мойнақ станциялары іске қосылғанға дейін оңтүстікті энергиямен қамтамасыз ету тығыз режимде жүргізілмек. Сондықтан, президент тапсырмасына орай, Балқаш жылу энергетикалық станциясының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалынды", - деп еске салды Е. Әбітаев.
"Қазір осы ЖЭО мемлекеттік сараптамасының мәселесі шешілу үстінде. Таяуда ғана соңғы экологиялық сараптамадан өттік. Енді Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс комитеті беруі тиіс қорытынды ғана қалды", - деды ол.
"Біз бұл станция алдағы 10-15 жылда оңтүстіктің энергия тапшылығын сездірмеуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз", - деп сөзін түйді ол.