Балқаш-Алакөл бассейінінде алғашқы Бассейндік келісімге қол қою наурыздың ортасына жоспарланған

БҰҰ Даму бағдарламасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, келісімге Алматы әкімшілігі, мемлекеттік "Водоканал" коммуналды кәсіпорны мен Балқаш-Алакөл бассейні су шаруашылығы басқармасы өзара қол қоймақ.

Құжаттың мақсаты- су нысандарын қорғау мен қайта қалыпқа келтіруде тараптардың күштерін өз еріктерімен біріктіріп, оны заңды түрде бекіту болып табылады.

Балқаш-Алакөл бассейні су шаруашылығы басқармасының басшысы Анар Тілеулесованың айтуынша, Алматы төңірегіндегі Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аумағы Бассейндік келісімге қарайды". Құжат ҚР Су кодексінің 42 бабына сай жасалмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті