Балқашта бес қабатты үйден өрт шығып, бес адам иістен уланған

ТЖМ хабарлауынша, иістен уланған бес адам ауруханаға түсті. Олардың арасында он, бес және үш жастағы балалар да бар.

Сонымен қатар, сегіз адам құтқарылып, тағы 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Жалын жалпы аумағы 15 шаршы метрді шарпыған.