Балқашта ғашығын өлтірген әнші жігіт қамауға алынды


Әнші ретінде енді танымал бола бастаған 19 жастағы Станислав Ким қызды сезіміне жауап қатпағаны үшін өлтірген болатын. Виктория Шевкунованы ол кездесуге саябаққа шақырып, елдің көзінен таса жерде тап берген. Сол жерде бойжеткенге 14 жерден пышақ ұрыпты. Асқан қатыгездік себебін жігіт сол күйі түсіндіріп бере алған жоқ. Енді оны ақыл-есінің дұрыстығы да тексерілмек. Балқаш қаласында өнерімен танылып жүрген Ким жақында қайырымдылық концертін де өткізген екен. Түскен қаражатты тіпті мүгедек жігітке көмек ретінде аударыпты.