Балқашта танымал әнші сезіміне жауап қатпаған оқушы қызды бауыздап тастады


Станислав Ким жақында қайырымдылық концертін де өткізген. Одан түскен қаражатты ол мүгедек жігітке көмек ретінде аударыпты. Балқаш қаласының көзайымына айналған жігіттің қылмысқа барарын ешкім болжамаған. Жас әнші14 жастағы Виктория Шевкунованы кездесуге саябаққа шақырып, елдің көзінен таса жерде тап беріпті. Полиция мәліметінше, ол бойжеткенге 14 жерден пышақ ұрған екен. Артынша қолға түскен күдікті қылмысқа жауапсыз махаббаттың кесірінен барғанын айтқан.