Балқашта жоғалған студенттер дронмен іздестірілуде

«Біз ЖОО-ның студенттерін Арман Бораш мен Батырхан Жүнісов іздеу жұмыстарына қосылуға шақырдық. Ендігі кезекте студенттерден құралған кешенді іздеу тобы жұмыс істеп жатыр», - дейді белсенді Жасұлан. Сондай-ақ балықшы-студенттерді іздеу жұмыстарына дрон қызметі пайдаланылмақ. Ұшатын аппарат студенттер кетіп қалуы мүмкін аумақты толық қамтымақ.


Еске салайық, 24 қыркүйектен бері балықшылар - 20 жастағы Арман Бораш пен Батырхан Жүнісовтар табылмай жатқандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.