Балқаштағы колонияның қаза болған қызметкерін мемлекеттік наградаға ұсынады

«Қаза болған қызметкер, әрине, әділет министрлігінің басшылығымен мемлекеттік наградаға ұсынылады», - деді С. Күсетов, сейсенбі күні журналистер сауалына жауап беріп.

Бұл ретте, комитет бастығы «оның барлық әрекеті сауатты әрі кәсіби білікті деп бағаланып отыр», деп атап көрсетті.

С. Күсетовтың айтуынша, қаза болған қызметкердің отабсына «мейлінше көмек көрсетілуде».

Бұрын хабарланғандай, АК-159/21 мекемесінің бір топ тұтқыны 11 шілдеге қараған түні қашып кетуге әрекеттенді. Суық қарумен және мылтықпен қаруланған тұтқындар күзетшіге шабуыл жасады.

Туындаған төбелес барысында ҚАЖ екі қызметкері пышақтан, төрт қызметкер оқтан жараланды. Бақылау қызметінің 23 жасар сержанты Жансерік Қашымбеков ауруханаға бара жатып жан тапсырды.