«Балық баланың» анасы Ұлбибі Ықыласова бұл қаржының шет елде ем алуға жететінін айтты. Ол жақта Жасұлан 21 күн болып, білікті мамандардың қолынан емнің заманауи түрін алады. Десе де, Израильдегі дәрігерлер, Жасұланның денесіндегі қабыршықты азайтқанымен дертінен құлан таза айықтыруға кепілдік бермейді. Бірақ шетелдік мамандардың көмегіне жүгінген «балық баланың» анасы ұлының сауығып кететініне сенеді.