Балықшылар суға батып кете жаздады


Қайта құтқарушылар дер кезінде жетіпті. Екі көлік әупірімдеп жүріп су бетіне шығарылса, Нива өзенге сол күйі батып кеткен. Машинаны иелері мазалап қоймаған соң, сүңгуірлер екі күн бойы оны тартып алуға талпынған екен. Бірақ 16 метрлік тереңдікте жатқан автокөлікті сол күйі шығара алмады. Қазір мұз қабатының жұқа болуына байланысты барлық жерде балық аулауға тыйым салынды. Тіпті христиандардың судағы шоқыну рәсімі де биыл Ақтөбеде өтпеуі мүмкін. Өйткені мұздың қалыңдығы әлі жұқа.