Малайзияның Сабах штатында адам қалдықтары табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Оны қолтырауын жеп қойған екен. Бұл туралы New Straits Times жазады.
Қолтырауынның шабуылы туралы куәгерлер айтқан. Олар балық аулап отырған Ануар Сабонені жыртқыш тартып әкеткенін көрген. Құтқарушылар ер адамның қалдықтарын оқиға орнынан жеті километр қашықтықтан тапқан.
Еске сала кетейік, Малайзияның Лимбанг қаласында қолтырауынның дүкенге кіріп кеткендігі айтылған еді.