БАМ-ның өтініші бойынша 2 телеарнадағы телехикаяларды қаржыландыру мәселесі қосымша талқыланады

«БАМ-ның өтініші қаралды. 2 телеарнадағы сериалдардың өндірісі (190 серия) қосымша талқыланады», - деп жазыпты Р.Дәленов жұма күні Twitterге.

Бұдан бұрын вице-министр Twitter арқылы хабарлағандай, республикалық бюджеттік комиссияның 22-ші отырысы өтіп жатыр.

Күн тәртібінде мемлекеттік органдардың 2011-2014 ж стратегиялық жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобаларын және 2012-2014 ж. республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері – президент істері басқармасының, байланыс және ақпарат министрлігінің (БАМ), қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (ҚОҚМ), білім және ғылым министрлігінің (БҒМ), көлік және коммуникация министрлігінің бюджеттік өтініштерін қарау болды.