Бангкок қаласында Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымының арнаулы жұмыс тобының жиыны басталды

"Бұл шара екі күнге созылып, форумның аға лауазым иелері комитетінің 14-наурызға жоспарланған кезекті отырысы қарсаңында өтеді",- деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, "Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымының аталмыш шараларының бір ерекшелігі - олар тарихта алғаш рет Қазақстан аумағынан тысқары жерде өткізілуде. Бұл дерек Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процестерін дамыту тарихында жаңаша кезең болып басталып, кеңестің өңірдегі қажеттілігі мен оған деген әлемдегі қызығушылықты паш етеді".

"Арнаулы жұмыс тобының жиыны барысында "Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымы шеңберіндегі сенім шараларын жүзеге асыруға қатысты корпоративтік көзқарас" атты жоба қаралады",- деді І.Омаров. "Бұл құжатта қатысушы елдердің мүддесін нықтылау, экономика, экология және гуманитарлық өлшемдегі, сондай-ақ, жаңаша қауіп-қатерлер саласындағы көп жақты ықпалдастық тетіктерін айқындау көзедлген",- деді ол. "Оны қабылдау нәтижесінде Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сенім шаралары мен әр алуан жобаларды іс жүзінде қолға алу кезеңі басталады",- деді баспасөз хатшысы.

І.Омаровтың айтуынша, отырыстың күн тәртібіне сонымен бірге "Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымы мен басқа да аймақтық және халықаралық ұйымдар арасындағы, соның ішінде АСЕАН-ның аймақтық форумы және Азиядағы ынтымақтатсық диалогы сынды ықпалды азиялық бірлестіктер арасындағы байланыстар аясын кеңейту тұжырымдамасының" жобасы талқылау қамтылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті