Сессия 16-мамырда ашылған. Алғашқы күні ЭСКАТО сессиясына қатысушылар Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ағымдағы экономикалық ахуал, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жаңаша әлеуметтік-экономикалық ағымдар, аймақтағы әлеуметттік-экономикалық дамуды қаржыландыруға қатысты Монтерей консенсусы нұсқауларының орындалуы, цунами сынды табиғи апаттарға байланысты туындаған мәселелер, жаҺандану процессін реттеу, кедейлікпен күрес тақырыптары талқылады.
Сол күні Қазақстан сыртқы саясат мекемесінің басшысы Таиланд Корольдігі үкімет басшысының орынбасары Чатурон Чайсангамен және Таиландылық әріптесі Кантати Супамонгконмен кездесіп, екі жақты және көп жақты форматтардағы ынтымақтастық тақырыбын сарапқа салды.