Бангкоктағы жарылыстан зардап шеккендер саны отыз адамға жуықтады

АП агенттігінің хабарлауынша, таяуда белгісіз біреу демонстранттарға қарсы оқ атып, бір адамды ауыр жарақаттаған. Ал, жұма күні акция өтіп жатқан жерге жарылғыш зат лақтырылып, салдарынан бір адам қаза тапқан болатын.

Қаңтардың он үшінен бастап оппозиция ауқымды наразылық шараларын бастады. Олардың мақсаты – мемлекеттік мекемелер мен елдің негізгі магистральдарындағы қоғамдық көлік қозғалысын шектеу.