Бангладеште қазақстандық азаматты аяусыз өлтірді, ал екіншісі ауыр жарақат алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Newage.net-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Белорустық үш азамат шабуылға қатысысты бар деген күдікпен қамауға алынды»,- деп хабарлады полиция.

Марқұм Владимир Шовец сенбі күні кешке Грин-Сити тұрғын үй ауданында өлтірілді. Сол кезде Қазақстанның тағы бір азаматы Бережная Aндеке жарақат алды. Алайда, ол құтқарылып, Даккаға емделуге жіберілді.

Куәгерлердің айтуынша, жігіттер Грин-Ситидегі 106 қабатты ғимараттың 10-бөлмесінде кешкі сағат 6:00 шамасында душ бөлмесінде жаға тартысып, арты төбелеске айналды.

Пабна полициясының жетекшісі Масуд Алам (қылмыс) сенбі күні кешкі сағат 8:15 шамасында, марқұмның денесі табылғанын хабарлады. Тергеу есебінде марқұмның денесінде бес терең жарақат табылғаны анықталды. Ұсталған 3 күдікті тергеуге алынды.


Ишварди полиция бөлімшесінің инспекторы Хадиул Ислам: "Бізге тілдік мәселелерге байланысты бұл істі анықтау қиынға соғады. Біз мұның бәрін аудармашылардың көмегімен шешуге тырысамыз.’

«Оқиғаның нақты себебі тергеуден кейін белгілі болады»,- деді Пабна полициясының бастығы Мохаммад Мохибул Ислам Хан.