Оқыс оқиға ел астанасы Даккадан 65 шақырым жерде, кеше кешке сағат 20.00-де болды. Басқа кемеге соғылған паром су түбіне кетіп, бір адам қаза тапқан, қалғандары із-түссіз кетті деп жарияланды.
«Паромда болған әйелдің бірі жағаға жүзіп шыққан, алайда ол ауруханада көз жұмды», - деп мәлімдеді құтқарушылар. Қазір іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.