Банк кассиріне салымшылар есепшотынан 540 мың $ жымқырды деген күдік тағылды - Ақмола облысы

Осы факті бойынша аймақаралық қаржы полициясы басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Таяуда дереу қызметінен кеткен банк қызметкеріне 2008-2012 жылдар аралығында салымшылардың есепшотынан 66 млн теңге және 100 мың доллардан астам қаржыны жымқырды деп күдік тағылды.
Қазір осыған қатысты тексеру жүргізілуде.