Bank RBK бірнеше бөлімше қызметкерлерін 4 күндік жұмыс аптасына көшірді

Жұмысшылардың жалақы деңгейі бұрынғы қалпында қалдырылды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Аталған бөлімшелер мен филиалдар қызметкерлері аптаның бесінші, шығармашылық күнін өзін-өзі дамыту, біліктілігін арттыру және психологиялық жүктемені азайту үшін пайдалана алады», делінген хабарламада.

Алдағы уақытта банктің басқа бөлімшелері қызметкерлерін де жаңа жұмыс кестесіне көшіру көзделіп отыр.

«Бұл жаңалық банк қызметкеріне не береді? Банк қызметкерінің бос уақыты көбейеді, бұрынғы жалақысы мен сыйақы көлемін сақталып қалады. Өзіне, отбасына, өзін-өзі дамытуға көбірек уақыт бөліп, жеке табысын арттыруға мүмкіндік алады», – дейді Bank RBK директорлар кеңесінің консультанты Жомарт Ертаев.