Банк саласындағы проблемалар халықтың қаржы жүйесіне деген сенімін азайтуда - парламент депутаты

"Бізге, депутаттарға "Валют-Транзит Банк" жағдайына қатысты түсінік беруді сұрап халық көп хат жолдап жатыр, заңды және жеке тұлғалар салымдарының қалай, қашан қайтарылатындығына алаңдаулы",-деді А. Жамалов.

Депутаттың айтуынша, "банктің банкрот деп жариялануына байланысты бюджеттен айлық алатындар ұзақ уақыттан бері ВТБ рәсімделген карточка бойынша жалақыларын ала алмауда, зейнеткерлер зейнетақыларын алмаған, ал сақтандырылғандар сақтандыру полисіне үміт артып отырған жоқ".

"Валют-Транзит Банк" пен банкрот болған "Наурыз Банкке" қатысты жағдай халықтың алаңдаушылығын туғызып отыр. Қазақстан Республикасы қаржы секторына деген сенім азайып барады",-дейді ол.

Депутаттың айтуынша, "заңды тұрғыда бекітілген қатаң қаржылық бақылау жүйесінде "Валют-Транзит Банк" қалайша біздің мемлекеттік бақылау органдарын жыл сайын оң есеп беріп шатастырғаны қызықты жайт".

"Тіпті бүгінгі таңда да, кейбір банктердің өз капиталдарын ұлғайту үшін қатаң қаржы саясатын жүргізіп жатқанын, өз салымшыларына толассыз дивидендтен уәде беріп, күмән туғызатын қаржы схемасын қолданып отырғанын байқаймыз", деді А. Жамалов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті